Алматыда екі әйел сауда үйі үстінен секіріп өлді

Көрнекі сурет.

Алматыда 1966 жылы туған екі әйел сауда орталығының шатырынан секіріп, қайтыс болды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, апалы-сіңлілі екі әйел 9 қарашаға қараған түні Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысында орналасқан "Мерей" сауда орталығының шатырынан секіріп кеткен. Екі әйел жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. "Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйелдер өз-өзіне қол салған" деген Әзірбек.