Қайрат Сатыбалдыұлы Kaspi Bank-тің жанама акционері болды

Көрнекі сурет.

Биліктегі "Нұр Отан" партиясының хатшысы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы "Kaspi" акционерлік қоғамы (АҚ) холдингінің акционерлері құрамына кіріп, Kaspi Bank-тің жанама акционері болды деп хабарлады бүгін Kaspi Bank-тің ресми сайты.

Банк таратқан ақпаратқа қарағанда, "Kaspi" АҚ Қазақстан ұлттық банкінен холдинг деген мәртебе алған. Холдинг акционерлері құрамына Kaspi Bank-тің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және "Бэринг Восток Кэпитал Партнерс" халықаралық инвестициялық компанияларының басқаруындағы қорлар кірген.

Kaspi Bank-тің мәліметінше, қазір Сатыбалдыұлы мен Ломтадзенің "Kaspi" АҚ холдингіндегі үлесі 10 пайыздан аз. Екі акционер де алда холдингтегі үлесін арттыруды көздейді.