Сан-Францискодағы трамвай
Сан-Францискодағы кабельді трамвайлар қаланың көркін кіргізеді.
Трамвай күткен жұрт.
Сан-Франциско тармвайларына тар көшенің өзінде кедергі жоқ. Ал жолы ойлы-қырлы болып келетін бұл қаланың трамвай жүргізушілері де шебер.
Трамвай жолақысы - 6 доллар. Ірі мегаполистің орталығынан қаланың екінші басына 20 минутта жеткізеді. Бұл уақыт ішінде жолаушылар "селфиге" де түсіп, қаланы да көріп үлгереді. Жан-жағы ашық трамвайдан жолаушылар кейде секіріп те түсіп жатады.
Сан-Франциско трамвайларының жүргізушілері өрлі-қырлы жолда жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін таныстырып та үлгереді.
Сан-Францискода трамвай жолымен бөгде көліктерге жүруге тыйым салынған.
Көше музыканттары Сан-Францисконың кабельді трамвайы сияқты туристердің көңілін көтереді.