Франция авианосецін Жерорта теңізіне жіберді

Францияның "Шарль де Голль" авианосеці.

Франция президенті Франсуа Олланд Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы позицияларын бомбалауды күшейткен тұста елдің басты авианосецін Жерорта теңізінің шығысына жөнелтуге бұйрық берді.

Олланд АҚШ пен Ресей Сирияға қарсы көзқарас қайшылығын жойып, ИМ-мен күресте күш біріктіру қажетін айтады.

13 қарашада Париж қаласында бірнеше теракт болып, 132 адам қаза тапқан. Шабуылдарды Сириядағы ИМ содырлары мойнына алған. Бірер күннен соң француз әскери-әуе күштері Сириядағы ИМ орталығы саналатын Ракка қаласына әуеден шабуыл жасады.

Франция полициясы шабуылдан соң ел аумағында тексерулер мен рейдтер жүргізді. Бельгияда арнайы қызмет жасағы 2004 жылдан бері Еуропада жасалған терактіге күдікті жасырынған болуы мүмкін деген үйді қоршауға алғанымен, күдіктіні таба алмады.