Ресейде 2020 жылға дейінгі қорғаныс жоспары іске қосылды

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин елдің 2016-2020 жылдарға арналған қорғаныс жоспарын іске асыру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықта жоспарға қанша қаржы жұмсалатыны туралы мәлімет жоқ.

Ресейдің 2020 жылға дейінгі қорғаныс жоспарын қаңтарда қорғаныс министрі Сергей Шойгу жария еткен.

Ресейде алғашқы қорғаныс жоспары 2013 жылы жасалған. Онда Ресей мемлекеттілігіне төнетін қауіп-қатерлер мен Ресейдің қарулы күштерін және территориясын қорғауды дамыту жайы қаралған.

Ресей 2014 жылы желтоқсанда жаңа әскери доктрина қабылдаған. 2015 жылы шілдеде Владимир Путин Ресейдің жаңа теңіз доктринасын қабылдаған.