Көкшетауда 16-17 қарашада ЕҚЫҰ Қазақстандағы жиырмадан астам аймақтық әкімдік, ҮЕҰ және кәсіподақ белсенділеріне арнап семинар өткізді. Семинар ұйымдастырушылары қатысушыларға экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің қағидаттарын үйретті.
Екі күнге созылған семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары офисімен және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорымен, Ақмола әкімдігімен бірлесе өткізген. Ұлттық сарапшылар мен Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссар өкілі еңбек процесін басқарудағы адам құқықтары, баспана, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздік мәселелерімен таныстырды. Сарапшылар семинарға қатысушыларды диалогты дамыту мен білімді жалғастыру мәселелерімен таныстырды.
«Тәжірибе көрсеткендей, адам құқықтарын сақтау, атап айтқанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар тек қауіпсіздік үшін өте маңызды емес, сонымен қатар экономикалық жағынан тиімді» деп мәлімдеді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер семинарда.
Бұл тақырып жөніндегі екінші семинар қарашаның соңында Алматы облысының Талдықорған қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.