Франция: ЕО шекарасында қауіпсіздікті күшейткен жөн

Франция ішкі істер министрі Бернард Газнев.

Франция ішкі істер министрі Бернард Газнев Еурпоа елдерін «тым көп уақыт жоғалтып алғаннан» кейін терроризмге қарсы жедел шаралар қабылдауға шақырды. Газнев бұл туралы бүгін Брюссельге Еуропа Одағы (ЕО) елдері ішкі істер министрлерінің төтенше жиынына барғанда айтқан.

Француз министрі Еуропа Одағын Еуропаға келушілерді Шенген аймағының сыртқы шекарасында тексеруді күшейтуге және ұшақ жолаушыларының ортақ мәліметтерін жинайтын жүйе құруға шақырды.

Бейсенбіде Франция прокурорлары 13 қарашада Парижде 132 адамның өмірін қиған терактілерді ұйымдастырған деген күдікке ілінген Абделхамид Абааудтың полиция операциясы барысында қаза тапқанын хабарлаған.

Франция билігі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содыры, бельгиялық Абааудтың Сириядан Францияға емін-еркін келгенін айтады.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальстің сөзінше, Париждегі терактілерді жасағандардың кейбірі ЕО-ға еркін өту үшін құрлықтағы мигранттар мәселесін тиімді пайдаланған.