Астанада өрттен он адам зардап шеккен

Көрнекі сурет.

Астанада екі қабатты жатақханада тұрмыстық газ баллоны жарылып, салдарынан 10 адам зардап шеккен, олардың алтауы – балалар деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Оқыс оқиға туралы суыт хабар төтенше жағдай қызметіне 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша түскі сағат бір жарымнан өткенде түскен. Жатақханаға жеткен өртке қарсы күрес қызметкерлері ғимарат ішінен бірнеше газ баллонын сыртқа шығарып, бірінші қабаттағы өртті сөндірген.

Өрттен зардап шеккен он адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.