Оштағы ұшақ оқиғасы

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтың дөңгелектер жүйесіне зақым келген және сол қанаты сынған.  

Ұшақ жолаушыларының эвакуациясы аяқталған сәт. Бортта 148 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 

Төтенше оқиға орнында әуежайдың құтқару қызметі, полиция және мамандар жұмыс істеген. 

Жексенбі күні бұл әуежай қалың тұман кесірінен жабылып, барлық рейстер шегерілді. 

Қырғыз премьері Темір Сариев ұшақтың апатты жағдайда қонуына байланысты шұғыл жиналыс өткізді.  

ТЖМ мәліметіне қарағанда, "Боинг" Красноярск-Ош маршруты бойынша ұшып келген, алайда Ош әуежайына ауа-райы қолайсыздығы кесірінен қона алмаған. Лайнер Бішкектегі қосалқы әуежайға қарашаның 22-сі күні таңғы сағат 05:20-да қонған. Ауа-райы түзелгеннен кейін ұшақ Ошқа ұшып шыққан. Ошқа ұшақ таңғы 07:43-те келіп жеткен. Қонар кезінде жолдан шығып кеткен.   

Ош әйежайы жексенбі күні сағат 17.00-ге дейін жабық болды. Суретте: әуежайда ұшақтарын күтіп отырған жолаушылар.  

Ош әуежайындағы ақпараттық табло.  

Қырғызстанның Ош қаласында «Авиа Траффик» әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Қалың тұман кесірінен лайнер қонатын жолдан шығып кеткен.