Мәскеудегі Түркия елшілігіне шабуыл
Your browser doesn’t support HTML5
Кремльшіл ұйымдардың шабуылынан кейін Мәскеудегі Түркия елшілігінің күзеті күшейтілді. Ғимаратқа наразылар тас, жұмыртқа, бояу құйылған құмыралар лақтырған. Елшіліктің бірнеше терезесі сынған. Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Анкара Ресей ұшағы "елдің әуе кеңістігін бұзды, ескертуді елемеді" деп мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ұшақ Сирия территориясында болғанын айтып, Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады.