Ресей үкіметі Россельхознадзор мекемесіне түркиялық өндірушілердің "Ресей талаптарын қайталап бұзғанына" байланысты Түркиядан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.
Рсеей ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев 26 қарашада Түркрия тауарлары кіретін шекара бекеттерінде қосымша инспекторлар қойылып, тексеру күшейетінін хабарлады.
"Өкінішке орай, Түркия ауыл шаруашылығы өнімдерінің орта есеппен 15 пайызы Ресей талаптарына сай келмейді" дейді Ткачев.
Ресей Түркия тауарларын қадағалауды түркиялық әскерилердің Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен екі күннен соң күшейтіп отыр. Мәскеу әдетте қай елмен саяси қарым-қатынасы нашарлап, я шиеленісе бастаса, сол елдің азық-түлік тауарларына "талапқа сай келмейді" деп тыйым салады, я шектеу қояды.