Иран ядролық келісім бойынша санкциялар алынған соң елге шетелдік мұнай-газ компанияларын тарту мақсатында мұнай игеру келісімінің жаңа шарттарын ұсынды.
Жаңа келісім-шарттар бойынша, шетелдік инвесторларға ұзақ мерзімдік пайда табатын жобаларда көбірек үлес алуға мүмкіндік беріледі.
28 қарашада Тегеранда әлемнің жетекші мұнай-газ компаниялары қатысқан конференцияда Иран инвесторларға 30 миллиард доллардың жобасын ұсынған. Shell, Total және Lukoil компаниялары кейбір дамушы жобаларға танытқан.
Шілдеде Тегеранның әлемдік алты державамен жасасқан келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасын қысқартып, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкциялар алынып тасталмақ.
Әлемде мұнай-газ қоры көлемі жөнінен төртінші орында тұрған Иран санкциялар алынса күніне өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге дейін арттырмақ ниетте.