Назарбаев халыққа жолдауын жариялады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы жолдауын оқып отыр. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын оқи бастады.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында оқылып жатқан жолдауға парламент депутаттары, үкімет мүшелері, облыс әкімдері қатысып жатыр.

Ғаламдық дағдарыс кезіндегі Қазақстанның іс-қимылына арналған жолдауда Назарбаев әлемде көмірсутек шикізаты, метал және басқа да шикізат бағаларының арзандағанын, бұрынғыдай мұнайдан түсетін "үлкен табыс жоғын" айтты.