Ресей ЕАЭО-дағы тауар айналымы жайлы хаттаманы бекітті

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер президенттері. Бурабай, Қазақстан, 16 қазан 2015 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аймағына тауар енгізу және айналымы мәселелері туралы хаттаманы ратификациялауға президентке ұсыну туралы қаулыға қол қойды.

«Хаттама Қазақстанға төмендетілген кедендік баж ставкасы бойынша рәсімделген тауарларды ЕАЭО-ға мүше өзге елдерге шығаруға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылдауға міндеттеме жүктейді, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндетіне сәйкес, Қазақстанға енгізілгенде төмендетілген кедендік баж алымы қолданылуы мүмкін тауар айналымының жалпы схемасын, ондай тауарлар айналымына бақылау мен әкімшілік тетікті анықтайды» делінген қаулының түсініктеме хатында.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) құрамына кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған Қазақстанның бұл ұйымға қосылатыны туралы хаттамаға биыл 27 шілдеде қол қойылып, 12 қазанда бекітілген.

ЕАЭО-ның кеден аймағына тауар енгізу және тауар айналымының кейбір мәселелері туралы хаттамаға биыл 16 қазанда Қазақстанда өткен Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысында одаққа мүше елдердің президенттері қол қойған.