Донецк маңындағы өмір

Пески кентіне бара жатқан әскери техника. 

Нетайлово және Первомайск елді мекендерінің арасында 2014 жылы қыркүйекте қираған танк. Тұрғындар танк үстіне гүл шоқтарын қойып кеткен.   

Украина қарулы күштерінің 93-механикаландырылған бригадасының сарбазы жергілікті тұрғын Валентин Ивановичпен әңгілемесіп тұр. Первомайск селосында тұратын Валентин Иванович елді мекендер арасында коммуникация болмай тұрғанын, Украина жаңалықтары жетпей жатқанын айтады. Өйткені, мұнда тек Ресей телеарналары көрсетеді. 

Танкінің "төбесі". Жарылыс кезінде ұшып кеткен.  

Первомайскіні атқылағанда қираған үй.  

Первомайск селосындағы қираған үйлер.  

Қираған үйлерде бұрынғы тіршіліктің ізі қалған.  

Қар басып жатқан ойыншықтар.  

Первомайскідегі қираған үйдің біріндегі Библия.  

Украина қарулы күштерінің 93-механикаландырылған бригадасы сарбаздарының бірінің мотоциклі.  

Александр Иванович әйелі Ольга Владимировнамен Первомайск селосында тұрады. Қазір атыс саябырсыған шақта олар Александрдың қайтыс болған анасының үйінде жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Өздері осы маңдағы басқа үйде тұрады. 

Александр Иванович пен Ольга Владимировнаның Мушка деген иттері. Ол осындағы ең көңілді тіршілік иесі.  

БҰҰ миссиясы мүшесі Татьяна Пескидегі тұрғындарға көмір жеткізу жұмысын үйлестіріп жүр. Пескиде қазір 16 адам (7 отбасы) қалған. Одан бөлек, БҰҰ миссиясы адамдарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысады.  

Украинаның Донецк қаласы маңындағы ауылдар қарулы қақтығыс кесірінен қираған. Оларда көше алмай қалған адамдар тұрып жатыр.