«Шекарасыз дәрігерлер» (Reporters Without Borders) халықаралық құқыққорғау және гуманитарлық ұйымы АҚШ үкіметіне америкалық бомбалаушы ұшақтардың Ауғанстанның Кундуз қаласындағы аурухананы бомбалағанына тәуелсіз тексеру жүргізуді талап ететін петиция тапсырды. Аурухананы бомбалау салдарынан 30 адам, оның ішінде 14 дәрігер қаза тапқан. Петицияға 547 мың адам қол қойған.
3 қазанда Ауғанстанның солтүстік аймағындағы жалғыз травмотологиялық орталық саналатын аурухана америкалық ұшақтардың әуе шабуылынан қирап қалған.
Ауғанстандағы америкалық әскерилер қолбасшылығы аурухана «қателесіп соққы берілгені» туралы мәлімдеген. Бірақ америкалық әскерилердің жауабына қанағаттанбаған ұйым америкалық әскерилерді «өрескел салақтық» танытты деп айыптап, оқиғаны Халықаралық гуманитарлық комиссияның тексеруін талап етеді.
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы мен Еуропа парламенті де Кундуз ауруханасын бомбалау оқиғасы бойынша тәуелсіз тексеру жүргізуге шақырған.