Кремль Ресей президенті Владимир Путин 15 желтоқсан күні Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесетінін растады. Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатыспақ. Керри Путинмен кездесуіне дейін Лавровпен жеке жолығады.
11 желтоқсан күні Ақ үй Ресей мен АҚШ арасында келіссөз болатынын хабарлаған. Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Лавров пен Керри телефонмен сөйлесіп, исламшыл террористік топтар тізімін түзуді аяқтауға келіскен. Бұған қоса, министрлер Сирияға қатысты бұрынғы келісім Дамаскі мен ұстамды оппозиция өкілдері қақтығысты тоқтату туралы жаңа келіссөз басталғанға дейін іске асуы тиіс деген ұйғарым жасаған.