Мәскеуде Дағыстан парламентіне экс-кандидатты өлтіріп кеткен

Қаза тапқан ер адамның денесі жатқан жерде тұрған полиция қызметкерлері. Мәскеу, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасы парламентіне экс-кандидат Мұхтар Меджидовты сәрсенбі күні Мәскеу қаласының орталығында көшеде белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен. Бұл туралы құқық органдарына сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

Адам өлтіру қылмысына байланысты тергеу амалдары басталған. Құқық органдары қылмыс жасалған жердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын алған. Мәскеуде «Тосқауыл» («Перехват») жоспары іс қосылған.

Полиция «Инфинити» және «БМВ» маркалы екі автокөлікті іздестіріп жатыр. Олардың бірі бұған дейін қолды болған «Мерседес» автокөлігінің номерін жапсырып алған деп хабарланды.