АҚШ қаржы жүйесі несие ставкасын көтерді

АҚШ федералдық резерв жүйесі басшысы Джанет Йеллен.

АҚШ федералдық резерв жүйесі (FRS) сәрсенбі күні соңғы он жылда алғаш рет банкаралық несиенің пайыздық қайтарылымы көрсеткішін (ставкасын) ұлғайту туралы шешім қабылдады. FRS базалық пайыз мөлшерлемесін ширек пунктке көтерген. Бұл 2007-2009 жылдардағы қаржы дағдарысының салдарынан америкалық экономиканың айтарлықтай сауыға бастағанының нышаны дейді кейбір сарапшылар.

Сонымен бірге АҚШ федералдық резерв жүйесі басшысы Джанет Йеллен «жағымсыз салдар» бола қалған жағдайда пайыз мөлшерлемесін қайта төмендетілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол базалық базалық пайыз мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылданған ашық нарық жөніндегі комитет отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеген. Оның айтуынша, қазіргі кезде АҚШ экономикасына төнер қауіп-қатер азайған.

Қаржы саясатын айқындайтын FRS комитеті биыл еңбек нарығында жағдай айтарлықтай жақсарген деп санайды және орташа мерзімді инфляция өсімінің көрсеткіші екі пайыз болады деген болжам айтады.

АҚШ қаржы жүйесі несие ставкасын көтергені туралы хабардан соң сәрсенбі күні қаржы нарығында Доу-Джонс индексі жарты пайызға өсіп, Brent маркалы мұнай бағасы 3 пайызға арзандаған.

2006 жылдың желтоқсан айынан бері FRS банкаралық несиенің қайтарылым көрсеткішін 0-0,25 пайыз мөлшерінде ұстап келген еді.