Қазақстан жастары хоккейден әлемдік жарыста қола иеленді

Шайбалы хоккей. (Көрнекі сурет.)

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионында «А» тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы шешуші ойында Австрия командасын 5:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды деп хабарлайды vesti.kz спорт сайты.

Венада өткен матчта мұз айдыны иелерінің қақпасына қазақстандықтардан Дмитрий Гренц, Владимир Волков, Игорь Боровиков бір-бірден, ал Степан Штефан екі рет шайба салған.

Осылайша Қазақстанның хоккейші жастар командасы әлемдік жарыста үшінші орын иеленді. Бірінші орынды Латвия құрамасы жеңіп алды. Австрия екінші орында тұр.