Ливандық «Хезболла» шииттік тобы қайраткерлерінің бірі Самир Кантар бүгін Сирия астанасында Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан қаза тапқан. Бұл туралы ақпаратты осы топтың өкілдері растады деп хабарлады Reuters.
«Әл-Арабия» телеарнасы әуе соққысы Дамаск қаласындағы Джарамана ауданына жасалған деген ақпарат таратты. Самир Кантар Сирияда кімнің жағында соғысқа қатысқаны әзірше белгісіз.
Израиль әскери-әуе күштері Кантардың қазасына қатысы түсініктеме беруден бас тартты. Израиль баспасөз құралдары әуе соққысы «Хезболланың» қару-жарақ қоймаларын нысанаға алып берілгені туралы хабарлаған.
1979 жылы Израиль төрт адам қаза тапқан шабуылға байланысты Кантарды айыптаған. 2008 жылы БҰҰ-ның арағайындығымен Израиль мен «Хезболла» арасында болған тұтқын алмасу нәтижесінде Самир Кантар бостандыққа шыққан. Қамаудан шығысымен ол «Хезболла» жасағына қосылып, осы топтағы ықпалды тұлғалардың біріне айналған.