Ресей: Солтүстік газ құбырынан бас тарту - ЕО-ға зиян

Ресей энергетика министрі Алексей Улюкаев.

Ресей Еуропа Одағының (ЕО) Балтық теңізінен Германияға дейін тартылатын "Солтүстік ағын" (Ресей газын тасиды - ред.) газ құбыры жобасынан бас тартуы Еуропаның "өзіне ғана зиян болатынын" ескертті.

Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев 21 желтоқсан күні Брюссельде сөйлеген кезінде "Тараптар бұл келісімнің құқықтық, техникалық, экономикалық және қаржылық тұстарына қатысты біршама ілгерілеген. Енді бұл келісімнің орындалмай қалуы оны қалайтындарға оқ атқанымен бірдей" деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, "Бұл (құбыр тарту жобасын айтады - ред.) Еуропаның энергетикалық балансы, тасымал қауіпсіздігі үшін өте маңызды мәселе".

Ресейдің "Газпром" компаниясынан өзге Германия мен Нидерланд компаниялары қатысатын болған "Солтүстік ағын-2" жобасының іске асу мәселесі өткен аптада, Италия Ресейге салынған санкцияларды ұзартуға қатысты талқылау өткізуді ұсынғанда көтерілген.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци Берлиннің "Солтүстік ағын-2" жобасы арқылы Украинаны айналып өтіп, Германияны Ресей газын тарататын орталыққа айналдыру жоспары "өте күмәнді" екенін мәлімдеген.

2014 жылы Ресейге қарсы экономикалық санкциялар салынғаннан соң Италия арқылы өтетін "Оңтүстік ағын" газ құбыры жобасы тоқтап қалған.