Ирак премьері ИМ-нен азат етілген Рамадиге барды

Рамадидегі ирак әскері. 28 желтоқсан 2015 жыл.

Ирак мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, премьер-министр Хайдар әл-Абади 29 желтоқсанда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларынан азат етілген Рамади қаласына барған.

28 желтоқсанда Ирак әскері АҚШ бастаған коалиция әуе күштерінің қолдауымен Рамадидің орталық бөлігінен экстремистерді ығыстырып шығарып, үкіметтік ғимараттар кешені үстіне Ирак туын тіккен. Бірақ билік қаланың әр жерінде содырлар әлі де жасырынып жүргенін айтады.

Рамадиді содырлар мамыр айында басып алған. АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің айтуынша, "ИМ-ді қаладан ығыстырып шығару - рақымсыз, тағы топтың көзін жоюдағы маңызды қадам саналады".