70-ке қараған шағында Алматыда белгілі қазақ актері Меңтай Өтепбергенов дүние салды. Қаралы хабарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Twitter-де жариялады. Актердің ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмғаны айтылады.
ВГИК түлегі Меңтай Өтепбергенов «Ақ шаман», «Тайны мадам Вонг», «Интердевочка», «Рэкетир» және «Шанхай» фильмдеріндегі рөлдері арқылы көрермен есінде қалды. Ол «Гүлдер» эстрадалық ансамблін құрушылардың бірі еді. СССР-дің 13 киностудиясында 47 кинокартинаға түскен актер "Құлагер-2009" Ұлттық кинематография сыйлығының лауреаты атанған.
Коллекционер және филателист ретінде де танылған Меңтай Өтепбергенов 1999 жылы КИНЭС Қазақстан рекордтар кітабына "Маркадағы әлем киносы" атты кітап авторы ретінде кірген.
Актердің жаназасы 7 қаңтарда шығарылады.