"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымының мәлімдеуінше, Йеменннің солтүстігіндегі Саада провинциясындағы ауруханасына зымыран түсіп, үш адам мерт болған, 10 адам жараланған. Ұйым зымыранды кім атқанын нақтыламады.
Саада - шиит хусит көтерілісшілерінің бақылауында қалған аймақ. Сауд Арабиясы басқаратын шетелдік коалиция хуситтердің позицияларына 2015 жылдың көктемінен бері соққы беріп жатыр. Қазан айында "Шекарасыз дәрігерлер" коалицияның әскери-әуе күштерін "Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таез қаласындағы аурухананы бомбалады" деп айыптаған. Аурухана қатты бүлініп, тоғыз адам, оның ішінде ұйымның екі қызметкері зардап шеккен. Коалиция ол кезде бұл оқиғаны тексеретінін мәлімдеген.