Германия билігі Париждегі полиция бөлімшесіне шабуылдамақ болған ер адамның Германиядағы пана сұрайтын босқындарға арналған орталықта тұрғанын хабарлады.
7 қаңтарда Парижде денесіне жарылғыш затқа ұқсас белдемше тағып, пышақпен қаруланып, полиция бөлімшесіне шабуылдамақ болған адамды француз полицейлері атып тастаған.
Неміс тергеушілері 9 қаңтарда Германияның батысындағы Реклингхаузен қаласында пана сұрайтын босқындар тұрып жатқан орталықтағы пәтерлерге тінту жасаған.
Spiegel Online сайтының хабарлауынша, неміс полицейлері ер адамды орталықта "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының туымен көзге түсіп қалғанда қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін адам ретінде есепке алған. Ол орталықтан желтоқсан айында із-түзсіз кетіп қалған. Француз полициясы шабуылдаушыны "тунистік Тарек Бельгасем есімді азамат" дейді.