Парламент сенатының депутаты Сергей Громов сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев орынбасары Қайрат Ишановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босағанын мәлімдеп, оның орнына Громовты ұсынған. Сенат депутаттары Громовтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған.