Украина ертеңнен бастап Қырыммен сауданы тоқтатады

Қырым түбегімен сауда-саттықты тоқтату туралы Украина үкіметі қаулысы.

Украина Ресей аннексиялап алған Қырым түбегімен сауда-саттықты тоқтатады. Украина үкіметі былтыр желтоқсанның 15-і күні қабылдаған тиісті қаулы жексенбі күні күшіне енбек.

Құжатқа сәйкес, кез-келген адам тауар алып өтуіне болады, алайда оның жалпы құны 10 мың грмивеннен және жиынтық салмағы 50 килограмнан аспауы тиіс.

Қаулыда аталған тыйым халықаралық гуманитарлық ұйымдар жеткізетін гуманитарлық жүкке қатысты қолданылмайтыны айтылған.

Сонымен бірге бұл тыйым электр қуатына, әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдеріне салынбайды деп хабарлайды «Украинская правда» басылымы.