Кишиневтегі наразылық шеруі

Your browser doesn’t support HTML5

Молдова астанасында 16 қаңтарда оппозиция өткізген наразылық шараларына мыңдаған адам қатысты. «Ар-намыс және әділеттілік» азаматтық платформасы, социалистер партиясы мен «Наша партия» жақтастары парламентті таратып, президенттің отставкаға кетуін және кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Талаптары ұқсас болғанымен, наразылық акциялары бөлек өтті. «Ар-намыс және әділеттілік» азаматтық платформасын қолдаушылар наразылық шеруіне Еуропа Одағының туын ұстап шықса, социалистер Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіруге үндеген ұрандар көтерді. (Азаттықтың Румын-Молдова қызметінің видеосы.)