Польша президенті Анджей Дуда НАТО-ны Шығыс Еуропаны Ресейдің шабуылынан қауіпсіз ету үшін әскер мен техниканы көбейтуге шақырды.
Дуда 18 қаңтар күні Брюссельдегі альянстың штаб-пәтерінде сөйлегенде "Біз НАТО әскерінің саны көбейгенін қалаймыз" деді. НАТО-ның келесі саммиті шілдеде Варшавада өтеді.
Дуда "НАТО басшылары бұл кездесуде Польшада альянс әскерін ұзақ мерзімге орналастыру туралы шешім шығарады" деген үміті бар екенін білдірді. Ол НАТО әскерінің Польшада тұрақты түрде орналасқанын қалайтынын айтты. Польша президенті НАТО әскерінің саны альянстың шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай жеткілікті болғанын айтқанымен, нақты қанша әскер болуы керек екенін атамады.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг келесі саммит қорытындысы Польшаның көңілінен шығатынын айтты. "НАТО қазір Шығыс Еуропада тұрақты әскер ұстайды. Польша - Шығыс Еуропаның бір бөлшегі. Варшавадағы саммиттен кейін Польшада НАТО әскері бұрынғыдан да көбейеді деп сенемін" деді Столтенберг.