Қазақстан орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттары сайлауын 2016 жылдың 20 наурызына белгіледі. Мәслихат сайлауы парламент мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауымен бір күнде өтетін болды.
20 қаңтар күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжілісті мерзімінен бұрын таратып, мәжіліс депутаттары сайлауын 20 наурызға белгілеген. Назарбаев бұған қоса, мәжіліс сайлауының ертеңі -21 наурызға Қазақстан халқы ассамблеясы атынан мәжіліске баратын депутаттар сайлауын белгілеген.
3 қаңтарда мәжілістің бір топ депутаты өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бастама көтерген. Депуттатар "экономикалық ахуалға байланысты қаржыны үнемдеу үшін" мәслихат депутаттары сайлауын мәжіліс сайлауымен бірге өткізуді де ұсынған. 18 қаңтарда президент Назарбаевтың парламент сенаты мен мәжілісі спикерлерімен, премьер-министрмен және конституциялық кеңес төрағасымен кездескені хабарланған.