Чехия ұрланған азаматтарына "құн төлеген"

2013 жылы Пәкістанда ұрланып, босатылған чехиялық студент Хана Хумпалова.

Чехия үкіметі Пәкістанда ұрланған екі азаматын босату үшін алты миллион доллар құн төледі. Respekt апталығының хабарлауынша, чехиялық студенттерді босату туралы келіссөзді Чехия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізген. Студент Хан Хумпалова мен Антони Храстекті 2013 жылдың наурызында Пәкістанның Ауғанстан және Иранмен шекарасындағы Белуджистан аймағында "Әл-Қаидамен" байланысы бар қарулы топ ұрлап әкеткен еді. Сол кезде 24 жаста болған қыздар Пәкістанға Ираннан турист ретінде барған.

Чехиялық студенттер ұрланған соң олардың АҚШ-та 2010 жылы терроризм айыбымен сотталған нейробиолог Аафия Сиддикиді босатуды сұраған ведиосы жарияланған. 2015 жылдың наурызында Чехия үкіметі екі жыл тұтқында отырған қыздардың босатылғанын хабарлаған.

Азаматтарын босатқаны үшін құн төлегені туралы ақпаратқа Чехия үкіметі әзірге түсінік берген жоқ.