Соғыс ортасындағы махаббат
Нада 18-ге жаңа толған, оның ері Хассан 27-і жаста. Фотографтың гуманистік идеясына қарамастан, бұл сурет өмірдің қаншалықты қорғансыз екенін көрсетеді.
Хассан Сирия әскерінің униформасын киіп, жұбайына құрмет білдіріп тұр. Сирия президенті Башар Асадтың әскері 2011 жылы Хомс қаласын қоршап, атқылаған. Қақтығыстан мыңдаған адам қаза тауып, тұрғындардың көбі баспаналарынан айырылды.
Бұл қала мен оның маңында кезінде бір жарым миллионға жуық халық тұрған. Қазір тұрғындар саны әжептәуір азайып кеткен.
Құқық қорғау ұйымдары мен Сирия оппозициясы үкімет әскерін қалаға дәрі-дәрмек пен азық-түлік кіргізбей қойды деп айыптайды.
Қаланың кейбір аудандары үкімет әскерінің қоршауында үш жыл тұрды. 2015 жылдың желтоқсан айында БҰҰ тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру шарасын ұйымдастырды.
Егер эвакуация шарасы түгелдей іске асса, қала толық Асад әскерінің қарауына өтеді.
Фотограф Мерей Хомстағы үйлену тойларын бірінші рет түсіріп тұрған жоқ.
Фотограф осы галереясымен соғыс зұлматтарына қарамастан, тірі адам тіршілігін жалғастыратынын көрсеткісі келген.