Оңтүстік Қазақстан облысында студенттерден пара сұраған оқытушы жұмыстан шығарылды.
Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов ауылындағы агробизнес және саяхат колледжінің математика пәнінің оқытушысы Нұржамал Жанбосынова Азаттыққа YouTube желісінде өзінің студенттерден пара талап етіп отырғаны туралы видеосынан кейін жұмыстан шығарылғанын өзі айтты.
Бірер күн бұрын таралған видеода студенттер оқытушының өзіне қанша пара беру керектігін талқылап отырғанын түсіріп алған.
Видеоға қатысты түсінік берген Нұржамал Жанбосынова Азаттыққа "видеодағы өз сөзіне өзі жауап бере алатынын" айтты. Оқытушының жұмыстан шығарылғанын колледжді тексеріп жатқан облыстық білім басқармасының өкілі де растады.
Видеоны түсірген студенттер 2 курста оқиды. Аты-жөндерін атамауды өтінген студенттер оқиға қаңтардың орта шенінде болғанын айтады.