Жамбыл облысы: Бурылда тұрғындар жиналып жатыр

Халық толқуы болды деген Бурыл ауылындағы көшеге жиналған адамдар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.

Жамбыл облысының Байзақ ауданы Бурыл ауылының орталығына қазір тағы да тұрғындар жиналып жатыр деп хабарлайды оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі. Тілшінің айтуынша, 16 ақпан күні «бала өлімі» оқиғасына орай «бұзақылық жасағаны» үшін он жас жігітті полиция ұстап әкеткен. Қамалған азаматтардың туыстары, жақындары және тұрғындар қазіргі кезде оларды босатуды талап етіп отыр.

Азаттық тілшісі жиналған адамдар санын шамамен екі жүз шақты деп сипаттайды. Ауылдағы барлық дүкендер жабылған.