Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 487 километр қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:13 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, бес километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.
Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеген.