Киевтегі Немцовты еске алу
Борис Немцовты еске алған ондаған белсенді Киевтегі Ресей елшілігі алдына гүл шоқтарын қойды.
Белсенділер Ресей оппозиционері өліміне Киев билігін де айыптады.
Белсенділер Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанын да ұмытпады.
Ресей елшілігінің күзетшісі акцияны қадағалап тұрды.
Белсенділер Ресейде мәжбүрлі түрде, заңсыз қамауда отырған саяси құрбандар көп екенін айтты.
28 ақпанға қараған түні Борис Немцовқа қастандық жасаған адамдар оған жеті оқ атқан. «Бұл оқтар бізге қарай да атылды» дейді белсенді.
Немцов суреті қойылған жерге көздері жасқа толған адамдар гүл шоқтарын әкеліп жатты.
Белсенділер Путиннің тұлыбын жасап әкеліп, оны Гаага сотына "тапсырды".
Кешкі сағат 17:00 шамасында жұрт Тәуелсіздік алаңына жиналды. Олар Борис Немцовты еске алу кешін өткізді.
Жұрт шырақтармен «Борись» (күрес) сөзін жазды.
Акцияға Ресей мемлекеттік думасы депутаты, Немцовтың серігі Илья Пономарев келді.
Тәуелсіздік алаңындағы жұрт басқа да саяси құрбандар есімдерін атады.