БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның сөзінше, Сириядағы дағдарысты шешуге қатысты бейбіт келіссөз аймақта бітім берік орныға түсуі үшін екі күнге шегерілген. Келіссөздің алғашқы кезеңі басталған соң бар-жоғы екі күннен кейін тоқтап қалған еді. АҚШ пен Ресейдің келісімі арқылы орнаған бітім Сирияда қақтығысты жалпы түрде азайтқанымен, жауласушы тараптар бір-бірін бітімді бұзды деп айыптайды.
Сирия президенті Башар Асад БАҚ-қа сұхбатында үкімет "жоспар толық орындалу үшін өзіне қатысты барлық қадамды жасайтынын" айтты. Ол көтерілісшілер қаруын тастаса, оларға түгелдей рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.
Ресей соңғы бір тәулікте бітім 15 рет бұзылғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "терорлық топтарға" қару тасымалын болдырмау үшін Түркиямен шекараны жабуға шақырды. Франция Ресей және Сирия әскери-әуе күштерінің көтерілісшілер бақылауындағы аудандарды атқылағаны туралы ақпараттарға алаңдаушылық білдірді.