Украинадан Ресейге 15 солдаттың мүрдесі жеткізілді

Ресей генералы Игорь Тимофеев.

Украинаның Донецк қаласынан Ресейге осы елдің 15 солдатының мәйіті жеткізілді.

6 наурыз күні бұл туралы "Украинская правда" газеті хабарлады. Басылым Украина қорғаныс министрлігінің барлау басқармасына сілтеме жасаған. Ресей солдаттарының сүйектері Донецк облыстық ауруханасы мәйітханасынан 4 наурыз күні әкетілген.

Украина барлауы сепаратистер жаулап алған Донбаста "3-жеке атқыштар бригадасының командирі қызметін Ресей генералы Игорь Тимофеев" атқарып отырғанын хабарлады. Ол Украинада Соколов деген бүркеншік фамилиямен жұмыс істейды.

Ресей Украинадағы қақтығысқа қатысын теріске шығарып келеді.