Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 18 наурызда Қырымға барады деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттіктері.
Ақпараттарға қарағанда, Путин Керчь бұғазы арқылы салынып жатқан Қырымды Ресеймен жалғайтын көпір құрылысына барады.
Ресей Қырымды Украинадан тура екі жыл бұрын заңсыз аннексиялап алған.
Батыс елдері Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін Ресейге санкциялар салған. АҚШ пен Батыс елдері Қырымды аннексиялауды айыптап, Мәскеудің бұл әрекетін халықаралық құқықты өрескел бұзу деп атаған.