Гондурастың экс-президенті, футбол ассоциациясының бұрынғы басшысы болған Рафаэль Каллехас Халықаралық футбол федерациясындағы (FIFA) коррупциялық қылмыстарға қатысы бар екенін мойындады. Каллехас FIFA-ға қатысты тергеуде кінәсін мойындаған 14-адам болып отыр. Ол әлем чемпионатының квалификациялық матчтарын өткізу және ол ойындарды трансляциялау құқығын беру үшін пара алғанын мойындады.
АҚШ билігі FIFA-дағы коррупцияға қатысты 42 адам мен ұйымға айып таққан. Ауқымды коррупциялық қылмысты тергеу FIFA-ның өзі мен басқа да футбол ассоциацияларын қамтып, бұл ұйымдардың қызметін кідірткен. Бұл жанжалдан FIFA президенті Зепп Блаттер мен оның орынбасары Мишель Платини отставкаға кеткен.