Жәнібек Әлімханұлы Қытайдағы жарыста жеңімпаз атанды

Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық боксшы, 75 килограмға дейінгі салмақта жарысқа шыққан Жәнібек Әлімханұлы Рио-де-Жанейро олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін өткен жарыстың жеңімпазы атанды.

Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыстың ақтық сынында қытайлық Мингганг Жаомен кездесті. Әлімханұлы алғашқы раундты жеңіспен аяқтаған. Бұдан соң қытайлық боксшы жарысты жалғастырудан бас тартты.

Кеше осы турнирде 64 килограмға дейінгі салмақтағы Қазақстан боксшысы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда қытайлық боксшы Цянксун Худы жеңіп, Рои ойындарына жолдама алған. Қазақстандық тағы бір боксшы Дариға Шәкімова да (75 килограмға дейінгі салмақта) олимпиада жолдамасын алды.

Бұл жарыстың ақтық сынына енді қазақстандық екі боксшы - Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм салмақта) пен Иван Дычко (+91 килограм салмақта) шығады. Бұл екі спортшы да олимпиада жолдамасын иеленген.