Қырғызстанда тауар мен қызмет көрсету бағаларын ұлттық валюта- соммен көрсетуге міндеттеп, ішкі сауда операцияларын шетел валютасында жүргізуге тыйым салатын заң күшіне енді. Заңды 18 наурызда Қырғызстан парламенті мақұлдаған.
Жаңа ереже негізінен доллар немесе еуромен есеп айырысатын жылжымайтын мүлік нарығы, көлік сату мен авиация саласына қатысты деп болжанып отыр. Заң талабын орындамағандарға әкімшілік шара қолданылуы немесе айыппұл салынуы мүмкін.