ҚМДБ-ның хиджаб туралы және Сирияға кетушілер жайлы пікірі
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымын интернет арқылы насихаттаушыларға қарсы роликтер мен деректі фильмдер жасап жатыр деп хабарлады басқарманың наиб-мүфтиі Серікбай Ораз. Ал ҚМДБ бас мүфтиі Ержан Майемеров оқушы қыз балалардың хиджаб киюіне қатысты пікірін айтты. «Әр мекеменің заңын сыйлау керектігін, ата-ана мен мектеп арасында келісім болуы керек деген де ұсыныс айттық» дейді ол. Ақтау, 8 сәуір 2016 жыл.