АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Үлкен жетілік" елдері саммиті қарсаңында кездесу өткізу үшін Жапонияға барды. 11 сәуірде ол АҚШ жоғары шенді шенеуніктері арасында алғаш болып Хиросимадағы атом қаруы жарылысының құрбаны болғандарды еске алады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, атом қаруы құрбандарына арналған ескерткішке барғанда Керри АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атом қаруын қолданғаны үшін кешірім сұрамайды. 1945 жылы тамызда америкалық бомбалаушы ұшақ Хиросимаға 15 килотонналық атом бомбасын тастап, одан 80 мың адам қаза тапқан. Бұдан үш күн өткен соң Нагасакиге де осындай атом бомбасы тасталған.
Хиросимада өтетін екі күндік жиынға Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Германия және Жапония сыртқы істер министрлері қатысады. Кездесуде бірқатар әлемдік проблеманы, оның ішінде терроризм, Украинадағы қақтығыс, Корей түбегі мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланбақ.