Ресей әділет министрлігі Қырым татарларының кеңесі - Меджлисті экстремистік ұйым деп танып, қызметін тоқтатты. Министрліктің хабарлауынша, мұндай шешім Украинадан аннексияланған Қырым прокуроры Наталья Поклонскаяның шешімі негізінде қабылданған.
Бұған дейін Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Поклонскаяның Қырым татарлары Меджлисінің өкілеттігін тоқтату туралы шешімін айыптап, ол санаулы азшылықты құрайтын ұлттың құқығын аяққа таптайтынын мәлімдеді. Қырым татарларының өкілдері Поклонскаяның "қылмыс" деп атады. Бұл тыйым алу арқылы Меджилиске қатысы бар кез-келген адамға экстремист деген айып тағылуы мүмкін.
Украина сыртқы істер министрлігі бұған дейін Меджилис қызметін тоқтатуды "Қырымдағы фундаметалдық құқық пен еркіндікті бұзу" деп атаған.
Татарлар Қырымның 2 миллион халқының 15 пайызын құрайды. Қырым татарлары Ресейдің 2014 жылы наурызда түбекті заңсыз басып алып, Украинадан аннексиялағанына ашық қарсылық білдірген. Қырымда Ресей қолдайтын басшылық билік орнатқан соң татарлар өздерінің қудалауға ұшырап, мектепте татар тіліндегі сыныптардың жабылып жатқанына және ресейшіл билік тарапынан өздеріне деген сенімсіз көзқарас қалыптаса бастағанына шағымданған.