Пәкістан билігі елдің солтүстік-батысындағы Хайбер Пахтунхва провинциясында үкімет ғимаратында жанкешті жарылыс жасап, 11 адам жараланды.
Полиция 19 сәуірде шабуыл Пшеавардан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр қашықтықтағы Мардан қаласында салық және акциз департаментінде жасалғанын айтады.
Мардан полициясының басшысы Файсал Шахзад жанкешті оқиға орнына жаяу келгенін және әуелі оқ атып, сосын беліндегі жарылғышты іске қосқанын хабарлады. Ол жараланған үш адамның халі ауыр екенін айтады.
Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірер күн бұрын пәкістандық әскерилер Ауғанстанмен шекарадағы Солтүстік Вазиристан тайпалы аймағында содырларға қарсы кең ауқымды операцияның сәтті аяқталғанын хабарлаған еді.