Надежда Савченко аштығын тоқтатты

Надежда Савченко.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен сөйлескен соң аштық акциясын тоқтатты. Савченко аштықты Ресей сотының өзіне шағырған үкімі күшіне енген соң жариялаған.

"Надежда Савченконың анасы Мария Ивановнамен және әпкесі Верамен бірге Надеждадан аштықты тоқтатуды сұрадық. Келіскеніне рахмет" деп жазды Порошенко Twitter-де.

Бұған дейін Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен "Савченконы босатудың алгоритміне келіскен сияқты болғанын" хабарлаған.

Ол Савченконы Ресейден қайтару жолдарын дайындауды тапсырды.

"Мен президент ұшағын жіберіп, өз өкілдеріммен бірге Надежданы елге барынша жылдам алдыруға дайын екенімді білдірдім" деп жазған Порошенко Facebook-те.

Кремльде Порошенконың сөзіне түсініктеме беруден бас тартты. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Савченконың тағдыры талқыланғанын" ғана айтып, басқа түсініктеме бермеді.

22 наурызда Ростов облысының Донецк қалалық соты Савченконы 2014 жылы жазда Луганск түбінде екі ресейлік журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. 5 сәуірде Савченкоға шыққан үкім күшіне енген.