Путин Қиыр Шығыстан жер беруді мақұлдады

Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 29 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин елдің әрбір азаматына Қиыр Шығыстан кемінде 5 жылға тегін пайдалануға ауданы бір гектардан аспайтын жер беруге рұқсат ететін заңға қол қойды.

Жер тоғыз өңірден - Якутиядан, Хабаровск, Камчатка мен Приморье өлкелерінен, Магадан, Амур мен Сахалин облыстарынан, Еврей және Чукот автономиялық облыстарынан беріледі.

Үй салу үшін немесе шаруашылықпен не кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер алғысы келетін адам тиісті орындарға арыз жазуы керек. Заң бойынша, 5 жылдан кейін ол адамнан жерді пайдаланғаны үшін ақы алынуы мүмкін. Пайдаға аспай жатқан жерді мемлекет қайтарып алады.