Еурокомиссия ЕО-ны Түркия үшін виза режимін жоюға шақырды

Түркиядағы мигранттар мен түрік полицейлері.

Еуропа комиссиясы Еуропа Одағын (ЕО) Түркия азаматтарынан виза талап ету тәртібін жоюға шақырды. Комиссия Түркия ЕО қойған 72 талаптың 67-сіне сай келетінін, егер 30 маусымға дейін қалған талаптар орындалса, онда Түркия азаматтарына Шенген аймағы елдеріне визасыз кіру құқығын беруге болатынын айтады.

Виза тәртібін либерализациялау Түркияның ЕО-мен жасасқан мигранттардың жаппай Еуропаға ағылуын тежеу туралы келісіміндегі басты талаптардың бірі болған. Қол жеткен келісім бойынша, Түркия өз территориясы арқылы Грекияға барған барлық заңсыз мигрантты қайтарып алады. Мұның есесіне Түркия алты миллиард еуро қаржылай көмек алады және Шенген аймағына визасыз кіру сияқты бірқатар саяси жеңілдіктерге ие болады.

Келісім күшіне енуі үшін, миграциялық келісімді ЕО елдерінің көпшілігі және Еуропа парламенті мақұлдауы тиіс.